Мекеменің атауы |
ТОО «Жасмин - ST» бөбекжай бақшасы |
Құрылтайшы |
Жеке меншік |
Бөбекжай бақша басшысы |
Меңгеруші Сматаева Айнагуль Сайлауовна |
Заңды мекен-жайы: |
021503 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Қаныш Сатпаев 18/1 |
Телефон: Меңгеруші Әдіскер: |
8-(716)45 44-181 8-771 297 18 55 8-7053434324 |
Электрондық почта: |
|
Бөбекжай бақшаның сайты |
|
Бөбекжай бақшаның инстаграмы |
detskiisadzhasmin |
НОБД |
HASENOVA88 Aa123456*** |
Интернет жылдамдығы |
Мб/с |
ТОО «Жасмин - ST» бөбекжай бақшасы |
Жалпы топтар сағат 08.00-ден 18.00-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, бес күндік жұмыс аптасы.
|
ТОО «Жасмин - ST» бөбекжай бақшасы ашылған жылы |
03.02.2019жыл |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
БИН 840528450731 |
Жобалық қуаты |
150орын |
Материалды-техникалық базасының мінездемесі
|
Ғимарат - 2 қабатты, типтік Жалпы ауданы –800,4 ш.м. Жылу беру жүйесі –қатты отын Сумен жабдықтау – орталықтандырылған Канализация – орталықтандырылған |
Бөбекжай бақшаның ақпараттандыру құралдары |
Компьютер -3 Ноутбук - 2 Интерактивті тақта – 1 Проектор - 1 |
Бөбекжай бақшада |
Меңгеруші кабинеті, әдістемелік кабинет, мәжіліс залы, Бөбекжай бақша ауласында 6 топқа бөлінген жеке телімдері бар. Әр топ телімі балалардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті құралдармен жабдықталған. Жабдықталған денешынықтыру алаңы бар. |
Сабақтастық |
|
№2 Бестөбе жалпы орта мектеп |
Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық |
«Жасмин» бөбекжай бақшасында 6 топ бар, соның ішінде 1 –мектепалды топ,
2 ересек топтар, 2 ортаңғы топтар және 1 кіші топ.4 топ мемлекет тілінде, 2 орыс тілінде. Балалардың саны-150.
Балалармен тәрбие және оқыту жұмыстары қазақ тілінде және орыс тілінде жүреді. Мектепке дейінгі топ тәрбиешілері күні бойы тобындағы күн тәртібіне сәйкес түрлі педагогикалық қызметті іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік жаттығу, балалармен қарым-қатынас жасау, серуендеу, тамақтану, күндізгі ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен, жеке балалармен жұмыс, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметтері, вариативтік компонент.
«Жасмин» бөбекжай балабақшасы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбие мен білім беру қызметін жүзеге асырады.
Мақсаты: Педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру жұмысын іске асыруды жаңашыл бағыттағы білім кеңістігін ұйымдастыра отырып, тәрбиеленушілердің білім сапасын көтеру.
1.Бөбекжай бақша педагогтарының кәсіби шеберліктерін көтеру.
2.Педагогтардың іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарын тереңдету.
3.Коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және командада жұмыс істей білу дағдыларын меңгеру;
4. Мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру.Тәрбиеленушілерді Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық бағыт арқылы қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Міндеттері:
1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
2. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік және жоғары білімі бар педагогтердің үлесін арттыру;
3.Балабақшада тәрбиеленушілердің қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;
4. Тәрбиеленушілердің зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
5. Тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмыс жасай алуына мүмкіндік беру, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу;
6.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және заңды өкілдерімен тұлғааралық өзара іс-қимылдарды кеңейту және өзара жауапкершілік қағидаты бойынша ынтымақтастық құру;
7.Ұлттық салт-дәстүрлердің негіздерін қалыптастыру;
8.Ерекше тәрбие мен білім берілуіне қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге жағдай жасауды қамтамасыз ету.
9.Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін цифрландыруды жүзеге асыру;
10.Мектеппен үздіксіз сабақтастықты дамыту.
11. Рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
Балабақша үшін – мекеменің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;статусын көтеру
балалар үшін – әр баланың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы білім алу;денсаулығын нығайту
педагогтар үшін – мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және кәсіби құзіреттілікті дамыту;
отбасы үшін – баланың денсаулығы мен мектепке кіру кезіндегі сәттілігін сақтау;
Нысаналы индикатор: -2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 % қамту.
-балалардың денсаулығын сақтау және нығайту;
мектепалды даярлық топ балаларын мектепке сапалы дайындау;
-педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, біліктілік арттыру курстарын жалғастыру, түрлі деңгейдегі жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатыстыру;
-педагогтардың санаттарын көтеру;
-ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа инновациялық-технологияларды қолдану, диагностикалау;
-ата-анамен балабақша арасындағы қарым-қатынасты арттыру;
-білім ұйымының материалдық-техникалық базасын дамытуға жағдайлар жасау.
Бөбекжай бақша туралы жалпы мәліметтер тізімі:
-заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;
https://cloud.mail.ru/public/qY1G/Ss6WtKTWm
-басшыны тағайындау туралы заңды тұлға өкілінің бұйрығы;
https://cloud.mail.ru/public/CK1D/f1CGSnya9
-білім беру ұйымының Ережесі;
https://cloud.mail.ru/public/pwm2/oPQRQHNiS
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
https://cloud.mail.ru/public/BeXG/EgQvXNQJt
( 1- бөлімнің өзін-өзі бағалау құжаттарына сәйкес сілтеме қоса берілді.)
Педагогтардың 2024-2025 оқу жылының құрамы
Мамандардың сапалық құрамы барлығы:21 қызметкер, оның ішінде 9 педагог
Жоғары білімді -3
Орта арнаулы - 6
Жоғары санатты-0
Бірінші -0
Екінші санатты-0
Педагог-сарапшы-0
Педагог-модератор-0
Санаты жоқ -9
Балабақшада 6 топта 6 тәрбиеші жұмыс жасайды. Соның ішінде жоғары білімі -2 тәрбиешіде, мектепке дейінгі орта арнайы -3 тәрбиешіде, қайта даярлау мектепке дейінгі бөлім – тәрбиешіде-4
Қорытынды:7тәрбиеші -100% көрсетеді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді.
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;
7. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:
1) кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;
2) ортаңғы топ (3 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес;
3) ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;
4) мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес.
8. Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:
1) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) балалар болған жағдайда – 20 баладан артық емес.
Білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкес.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу жоспары
Рет №
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Жас топтары |
ортаңғы топ (3 жастағы балалар) |
||
1 |
Дене шынықтыру |
аптасына үш рет |
Дене шынықтыру** |
күн сайын |
|
2 |
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет |
күн сайын |
Қазақ тілі |
аптасына бір рет |
|
Қазақ тілі *** |
күн сайын |
|
3 |
Сауат ашу негіздері |
- |
4 |
Математика негіздері |
күн сайын |
5 |
Қоршаған ортамен таныстыру |
күн сайын |
6 |
Сурет салу |
күн сайын
|
Мүсіндеу |
||
Жапсыру |
||
Құрастыру |
||
7 |
Музыка |
аптасына бір рет |
Музыка**** |
күн сайын |
Ескерту:
* Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.
** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.
***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.
***** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.
Рет №
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Жас топтары |
ересек топ (4 жастағы балалар) |
||
1 |
Дене шынықтыру |
аптасына үш рет |
Дене шынықтыру** |
күн сайын |
|
2 |
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет |
күн сайын |
Қазақ тілі |
аптасына бір рет |
|
Қазақ тілі *** |
күн сайын |
|
3 |
Сауат ашу негіздері |
- |
4 |
Математика негіздері |
күн сайын |
5 |
Қоршаған ортамен таныстыру |
күн сайын |
6 |
Сурет салу |
күн сайын
|
Мүсіндеу |
||
Жапсыру |
||
Құрастыру |
||
7 |
Музыка |
аптасына екі рет |
Музыка**** |
күн сайын |
Ескерту:
* Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.
** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.
***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.
***** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топқа / мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу жоспары (5 жастағы балалар)
Рет№
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет*/ Балалардың іс-әрекеті |
Аптадағы өткізу жиілігі |
Аптадағы нормативтік жүктеме |
1 |
Дене шынықтыру |
|
3 сағат |
Дене шынықтыру** |
күн сайын |
|
|
2 |
Сөйлеуді дамыту |
|
2 сағат |
Көркем әдебиет |
|
2 сағат |
|
Қарым-қатынас іс-әрекеті |
күн сайын |
|
|
Қазақ тілі |
|
2 сағат |
|
Қазақ тілі*** |
күн сайын |
|
|
3 |
Сауат ашу негіздері |
|
3сағат |
|
Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет |
күн сайын |
|
4 |
Математика негіздері |
|
3 сағат |
|
Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті |
күн сайын |
|
5 |
Қоршаған ортамен таныстыру |
|
2 сағат |
|
Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу ісәрекеті, еңбек іс-әрекеті |
күн сайын |
|
6 |
Сурет салу |
|
1 сағат
|
Мүсіндеу |
|||
Жапсыру |
|||
Құрастыру |
|||
7 |
Шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті |
күн сайын |
|
Музыка |
|
2 сағат |
|
Музыка**** |
күн сайын |
|
|
8 |
Барлығы |
- |
20 сағат |
Вариативтік компонент
«Мен және аналадағы табиғат» 1 сағат
Еликова С.Ф.,Вязовая О. И., Москаленко Е. А.
Мен және айналадағы табиғат. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде экологиялық білім негіздерін беруге бағытталған іс-шаралар кешені.
«Мен және айналадағы табиғат» экологиялық бағдарламаның негізгі мақсаты балаларды қоршаған ортаны қабылдауға, олардың сезімдерін нұрландыруға, табиғатты түсінуге және оны бағалауға үйрету, табиғатқа деген рақымсыздықпен күресуге көмектесу.
Экологиялық бағдарламаның талаптары:
• Сезімдік ортасы арқылы тірі және өлі табиғат обьектілерімен кездесуден қызығушылық пен қуаныш сезімдерін дамыту және тәрбиелеу.
• Сұлулық сезімі мен ұлы табиғат құбылыстарының бастапқы тәжірибесі негізінде жалпы адамзат құндылықтары арқылы балалардың табиғатқа деген саналы көзқарастарын қалыптастыру.
• Адам мен табиғат арасындағы тәуелділік түсініктерін қалыптастыру.
• Балалардың имандылық бастауын дамыту, мәдени - экологиялық білімдерін және өзін - өзі дамытушы, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
• Табиғат және қоршаған орта факторларының адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіру.
• Табиғаттың жеке экологиялық заңдылықтарын білу танымдарын қалыптастыру (жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі).
Біздің өлкенің табиғаты – өте қуатты бұлақ, осы бұлақтан бала білім мен әсерді сусындайды. Қоршаған өлі және тірі табиғаттың обьектілеріне деген қызығушылық өте ерте оянады. Балалар өте байқағыш келеді: орман соқпағындағы еңбекқор құмырсқаны, қалың шөп арасындағы кішкентай өрмекшіні де байқап қалады. Балалардың назарын табиғаттың әр маусымы сайын балатын өзгерістері, бояулардың ашықтығы, дыбыстардың, иістердің әртүрлілігі өзіне аударады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: көзге түскен затты қолмен ұстауға, көзбен көруге, иісін сезіп мүмкін болса дәмін татуға тырысады. Сондықтан да біз, ересектер, балаларды табиғатты сүюге, құрметтеуге, қорғауға және оның байлықтарын көбейтуге үйретуді міндеттіміз. Экология – бұл тірі ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортамен қарым - қатынасы туралы ғылым болғандықтан, балалардың табиғатта болатын ғылыми байланыс түсініктерін қалыптастырады.
Балалар табиғи компоненттердің қаншалықты өзара тығыз байланысты және тірі ағзалардың өмір сүру ортасына байланысты екенін түсінеді.
Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып есептеледі, бұл тәсіл балаларға адам мен қоршаған орта арасындағы мәселелерді жақнырақ білуге көмектеседі. «Мен және айналадағы табиғат» бағдарламасы бір - бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оны үш бөлімге бөлуді жөн көрдік.
Бұл «Тірі табиғат», «Өлі табиғат», «Адам және қоршаған орта».
Бағдарламаның ерекшелігі оның ұйымдастырылуында: әр сабақта балалар педагогпен бірге жайлы жағдайда әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы табиғатпен байланысады. Мысалы:
- тірі обьектілерімен қарым - қатынас жасау;
- бақылау;
- слайдтарды қарау;
- бейне фильмдерді қарау;
- әуен тыңдау;
- саяхатқа шығу;
- балалардың шығармашылығы: сурет салу, ертегілер құрастыру, көркем әдебиет туындыларын сахналау және т.б.
Педагог әр сабақта балалардың «Эмоциялық бейжайлылығына» жетеді, ол балаларды жағымды сабақтармен қамтамасыз етеді, әр нәрсені қалай және дұрыс істеуді үйретеді.
Бұл бағдарлама балабақшада, жанұяда балалар мен ересектердің біріккен шығармашылық қызметін болжайды.
«Мен және айналадағы табиғат» бағдарламасы екі мен жеті жас аралығындағы балаларға арналған. Ұстаным құрылымы топтау. Педагог бір обьеттіге бірнеше рет оралып, балалардың алған білімдерін жаңартып отыруы керек. Педагог сабаққа берілген уақытпен өзінің дайындығын ескере отырып белгілі бір ауқымды әуенмен дайындауы қажет.
Сабақ интерактивті оқыту әдісіне құрылған және баланы жалпы алғанда тұлға етіп жетілдіруге бағытталған: өзінің бақылауларын салыстыру және тәрбиеленушілердің тілдерін жетілдіріп, ойлау қабілеттерін, шығармашылық мәдени сезімдерін арттырады. Оқытудың негізгі приоритеті болып, есте сақтау және білімдерін еске түсіру емес, керісінше болып жатқанды түсініп, бағалауға бағытталған. Бағдарламаның есебі бойынша балалар мектеп - бақшадан кетерде келесі түсініктерді білулері керек:
• әрбір өсімдік пен жануарлардың өсіп дамуы үшін қажетті жағдайлар жиынтығын ұйымдастыру керегін, ал олардың біреуі орындалмай қалса экологиялық тізбек үзіліп, тірі ағза апатқа ұшырайтынын білу қажет.
• Қазақстаннның Қызыл кітабына еңгізілген сирек кездесетін және жоғалуға жуық өсімдіктер мен жануарларды білуге, өсімдіктерсіз жер бетінде өмір сүру мүмкін емес екенін, оның арты барлық ағзалардың жер бетінен жойылып кетуіне әкеліп соғады.
• Жануарларды «пайдалы» және «зиянды» етіп екіге бөлмей, оларға сауаттылықпен қарау керек. Олардан қолдан келген көмекті аямауға міндеттіміз.
• Мықты және саналы дағдыларын қалыптастыру, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлес қосуға үйрету, табиғатқа зиян келтіретін адамдарды тоқтатуға үйрету.
• Адам – табиғаттың бір бөлігі, ол табиғаттың сақтығына жауапты.
Қорыта келгенде «Мен және айналадағы табиғат» бағдарламасы келесі компоненттерден құрастырылды:
Танымдық (үйретуші) - өсімдіктер, жануарлар, адам және қоршаған орта.
Бағалы – табиғат адам өмірі үшін қажетті жағдайлардың қайнар көзі (тағам, тыныс, еңбек, демалы, денсаулық, рухани жағдай) қоршаған табиғи ортаға байланысты.
Нормативтік – табиғаттағы мінез – құлықтың нормалары мен ережелері табиғатты қорғау туралы шығарылған заңдар, қорықтардың рөлі, Кызыл кітап.
Іскерлік – табиғат – тиімді пайдалануға бағытталған адамның лайықты еңбек қызметінің обьектісі.
Тәрбиелеуші – адамның табиғаттағы және тұрмыстағы денсаулығы үшін экологиялық сауаттылық және қауыпсіздік тәртіп ережесі. Табиғатты эстетикалық түрде қабылдау.
Перспективалық жоспарды ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін жылына бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттердің Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде бір айға міндеттері айқындалады.
Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекет бөлімінде мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізілетін денешынықтыру, қазақ тілі, сауат ашу негіздері және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері толтырылады. Бұдан басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттер түрлі балалар әрекеттері арқылы күні бойы күн тәртібіне сәйкес толтырылады және іске асырылады.
Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
Қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда бөбекжайбақшада 2024-2025 оқу жылы жұмыстар жүргізілді және оқу, тәрбие жұмысы мемлекеттік стандартқа, үлгілік оқу бағдарламасына, оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Баланың жеке басының дайындығы. Баланың жаңа социалды ортаны қабылдай алуына дайындығы, оқуының жағдайы, оның құқығы мен міндетін білу. Бұл дайындық баланың мекпетке деген қөзқарасын көрсетеді және оқу әрекетіне мұғалімге, өзіне деген қөзқарас білдіреді. Баланың оқуға деген дайындығын, баланың, мектептің сыртына қызығушылығына емес, оның жаңа білім алуына мүмкіншілігінің болуына танымдық қызығушылығынан байқалады. Болашақ оқуы өзінің тәртібін меңгеруі, танымдық әрекетін басқара білу тиіс. Осындай баланың оқуға деген басты себептері болуы мүмкін.
Интелектуалды дайындық. Баланың дүниетанымы дамыған нақты қанша білімі бар екенін ескертеді. Баланың қабылдай білуі, үйренетін тақырыптың теориялық элементтерін білу, логикалық ойлау білу және ойын еске сақтай білуі.
Қабылдау.
Аналитикалық ойлау.
Нақты қатынас жасау.
Логикалық есте сақтай.
Білімге деген қызығушылық.
Сөйлей білуі, символдарды түсіну, қолының қимыл қозғалысының дамуы.
Әлеуметтік психикалық дайындық. Басқа баламен тіл табысуы, қарым-қатынас жасауы. Жаңа ортаға келғен баланың емін-еркін қатынас жасай білуін ескерту. Психолог баланың даярлығын тексеруде әр түрлі әдіс-тәсілдер жүргізеді, Кернің тесті бойынша мектепке даярлығын тексеруге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады.
Сурет салу -елесі бойынша.
Жазу - әріпіне ұқсап жазу.
Нүктелерді көшіріп жазу.
Диагностикадағы тапсырмалар:
Суретте қандай заттар жасырынғанын айтулары
Суреттерді салыстыру,
ертегіні, мақалдардыайтуы.
Суреттерді есіңе сақта
Тура кері санау. Жыл мезгілдері .
Құзіретілік көрсеткіштері
Қабылдауы .Зейіні .Ойлауы. Есте сақтауы. Қиялдауы.
Мектепалды даярлық топ балаларын мектепке дайындауда ата-аналармен қашықтықтан жұмыс жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар түсінушілікпен қарап, балаларды тәрбиешілермен бірге дайындауға өз үлестерін қосатынын білдірді. Ашылған чаттар арқылы тәрбиешілер бейнесабақтарын жіберіп, балалармен жұмыс жүргізді.Тәрбиешілер кері байланыс арқылы бүгінгі тақырып бойынша балалардың қаншалықты берілген тақырыптарды түсінгенін қадағалап отырды.
Қортынды: Бүлдіршіндердің интелектуалды бағытта даму деңгейлерін оқу-тәрбие барысында дамыту. Білім беру психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз байланыста бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын қарау.
Жеке бағытта даму деңгейлерін ата-аналармен бірлесе отырып оқу жылының аяғына дейін балаларға үйрету. Балалармен жеке жұмыстар жүргізу. Балалардың зияткерлік, ойлау қабілеттерін дамыту.
Жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның көшірмелері қоса беріледі);
Ой-өрісті дамыту
• Текшедегі суреттерді , бөліктерге қиылған суреттерді құрастыру
• Заттарды бір белгісі бойынша жинақтау
• 4-ші артық затты тап
• Суреттің атауы қандай?
• Заттың белгілерін табуға жұмбақтарды жасыру
Зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту
• 6 зат көлемінде «Не өзгерді?» «Не жоқ?» ойындары арқылы дамыту
• «Кім шақырды?» «Не шақырды?» «Қандай дыбысты естідік?» ойындары
• Құрастырмаларды тақырып бойынша жинау
• Тақпақ, мақалдарды жаттау.
Математикалық ұғымдарды қалыптастыру
• 5 ке дейін дұрыс және кері санау
• Сандық қатардан орнын табу
• Сандармен танысу
• «Көп аз ұғымдарын қалыптастыру
• 5 көлемінде заттарды санау
• Заттарды санмен сәйкестендіру
• 5 көлемінде есеп шығару
• 2,3 және 4 сандарының құрамы.
• Жыл мезгілі бойынша ай аттарын атау.
• Апта күндерін атау.Демалыс күндерін білу.
• Тәуліктің бөліктерін танытып қалыптастыру
Жазуға дайындық:
• Қарындашты қолда ұстатып үйрету
• Дәптерде кеңістікті бағдарлауға үйрету
• Жолақ дәптерге таяқшаны жоғары және төмен жағына жазып үйрету
Әр балаға жеке зерттеу картасымен сөйлеу карталары толтырылды. Коррекциялық көмек көрсету барысында топтың тәрбиешілерімен, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Тәрбиешілерге топшамен және жеке балалармен дамыту жұмыстарын жүргізуге апта сайын бағыт беріп отырылды.
Оқу жылының басында кабинетті керекті көрнекіліктермен жабдықтандырылады. Жұмыс барысында күнделікті ұйымдастырылған оқу-қызметіне қажет көрнекіліктер қоры толықтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, 2-6(7) жас жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің арнайы (түзету) оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді.
Логопед балалармен бірінші жарты күнінде жұмыс істейді. Сонымен қатар бір аптада 2 сағат арнайы түзеу оқу қызметі жүргізеді. Сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің (ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңыртпаштар) алатын орны ерекше. Логопедтің перспективтік жоспарында:
-фонетикалық түсініктерін дамыту; -жалпы, ұсақ моторикаға жаттығу;
-диактикалық ойындар;
-сөздік;
-байланыстырып сөйлеу қамтылған.
Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын қалыптастыру жұмысы негізінен артикуляциялық гимнастика арқылы іске асырылады. Оқу қызметінде дайындық кезеңі, дыбысты қою кезеңі, дыбысты машықтандыру кезеңі, дыбыстарды ажырату кезеңі қолданылады. Ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді, әр ата-анаға жеке кеңестер беріледі.
Міндеті:
- балалардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзушылығына диагностика жүргізеді;
- көрінген бұзушылықтың құрылымын және деңгейін анықтайды;
- бұзылған функцияларды қалыптастыру бойынша жеке және топтық түзетулерді жүзеге асырады;
- ерекше қабілеті бар балаларды әлеуметтендіруге ықпал етеді;
- дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен жолдарын қолдану бойынша педагогикалық қызметкерлерге, ата-аналарға кеңес береді.
Логопед мұғалімі 2-6 жас жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің арнайы (түзету) оқу бағдарламасымен жұмыс жүргізеді.
«Жасмин» бөбекжай бақшасы мектеппен сабақтастығы
Жыл бойы «Жасмин» бөбекжай бақшасы жанымызда орналасқан Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің № 2 орта мектебімен өзара сабақтастық жүргіземіз. 2024-2025 оқу жылында Бестөбе кентінің №2 орта мектеппен өзара сабақтастық жоспары құрылды. Осы жоспар бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілді.
Мектепалды даярлық топ балаларының мектепке даярлығының диогностикасы алынды.
Бөбекжай бақша мен мектептің бірлескен жұмысының басты мақсаты - мектепке дейінгі, бастауыш мектеп жасындағы кезеңдерде баланы дамытудың бірыңғай желісін жүзеге асыру, педагогикалық процеске тұтастық, дәйекті сипат беру.
Бөбекжай бақша мен мектептің педагогикалық ұжымдары көптеген жылдар бойы жемісті іскерлік қарым-қатынас орнатып келеді. Өзара бару, бақылау және педагогикалық процесті талдау дәстүрге айналды. Бөбекжай бақша мен мектеп мұғалімдерінің жұмысына жалпы қызығушылық, мақсаттылық жақсы нәтижелерге әкеледі. Сонымен қатар, балалар, әдетте, тұрғылықты жері бойынша мектепке барады.
Бөбекжай бақшаның педагогикалық ұжымы бірінші сыныпқа баратын балалардың ойлауды, проблемалық жағдайларды шешуді, жан-жақты дамуды, бағдарламаның негізгі пәндері бойынша сапалы білімді, психологиялық тұрғыдан үйренуі үшін бәріне жасайды.
Тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың білімдері мен дағдыларын бағдарламаға сәйкес білім деңгейлерін мектеп мұғалімдеріне, балабақшаның әдістемелік бірлестігіне арналған ашық сабақтарда көрсетеді. Балалар қалалық байқауларға, сайыстарға, іс-шараларға белсене қатысады.
«Физикалық қасиеттер», «Комуникативтік», «Танымдық зияткерлік», «Шығармашылық-зерттеу», «Әлеуметтік-эмоционалды»қасиеттер бойынша бағдарламалық материалды игеруді, білімді меңгеруге, балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруді талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасауға болады: балалар мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы бойынша жақсы білім қоры бар, мектепке барады. Түлектер мектепте оқуға, мұғалімдермен, жаңа балалармен кездесуге психологиялық тұрғыдан дайын. Олар 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары болатынын түсінеді және бұл оларға жаңа міндеттер жүктейді және жаңа құқықтар береді. Балалар көпшіл, өз көзқарасын білдіре алады, проблемалық мәселелерді шеше алады, құрдастарымен байланыс орната алады және т. б. Мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған «Мектеп» сюжетті-рөлдік ойын бұрышы балалардың мектеп туралы білулеріне үлкен үлес қосады.
Мектепалды даярлық топ балалары үшін орта құру.
Тақырыбы: «Мен оқушы боламын»
№ |
Тақырыбы |
Уақыты |
Жауаптылар |
Қортынды. |
1 |
Балабақша мен мектеп арасында өзара сабақтастық жоспарын құру |
2024 ж. Тамыз |
Калиева М.М. |
Жоспарды бекіту |
2 |
Бастауыш мектептегі «Ашық есік күндері» |
2024 ж. Қазан |
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі |
Қатысу |
3 |
Балалардың мектептегі музейге саяхатын ұйымдастыру |
2025 ж. Ақпан |
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі |
Саяхат жасау |
4 |
Дөңгелек үстел «Балабақша және мектеп – өзара серіктестік жолында» |
2025 ж. Наурыз |
Мектепалды даярлық топ тәрбиешілері |
Ұсыныстар шығару |
5 |
Суреттер көрмесі «Мен мектепке барамын» |
2025 ж. Сәуір |
Ересек топ тәрбиешілері |
Көрме |
6 |
1 сыныпқа баратын балалар тізімін жасау |
2025 ж. Мамыр |
Хасенова А.М |
Тізімді бекіту |
Мектеппен сабақтастық
Бөбекжай бақша «ТРИЗ», «Денсаулық сақтау» технологиясының элементтерімен жұмыс істеп келеді.
Бөбекжай бақша жұмыс жасайтын негізгі бағыты: «Экологиялық бағыттағы тәрбие» болғандықтан вариативтік компонентімізде «Жас эколог» тақырыбында экологиялық бағытта жұмыс жұргізелетіндіктен экологиялық тәлім-тәрбие беру басты мақсаты болып табылады.Балабақшаның экологиялық білім беру жүйесі бақша ұранымен жүзеге асады. «Табиғатты қорғау-болашақты қорғау».Балабақшадағы экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі қағидалары:
1.Адам қолайлы ортада өмір сүруге,ол үшін экологиялық білімді қалыптастыру арқылы рухани ізгілік пен заңдылыққа сүйенетін, жер бетіндегі қорғап сақтайтын экологиялық апаттарды болыдырмай,жерін, елін сүйетін саналы тұлға тәрбиелеу.
2.Ұстаздарға –білім беру барысында табиғатпен экожүйенің даму заңдылықтарын ұғындыра білу мен қатар экологиялық саналы тәрбие беру.
3.Экологиялық білім беру үзілмей жалғасын тауып жүруі тиіс;
4. Экологиялық білім жүйелі түрде жүргізіліп әр түрлі тәсілдерді жанжақты –қолдана отырып үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Жылдық жұмыс жоспарында балабақшада жыл бойына жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары жылдық міндеттерді басшылыққа ала отырып жоспарланған.
Заман талабына сай жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерімен толықтыру мақсатында материалдық базаны нығайту және жаңа технологияларды оқу үрдісіне кіргізу, технологиямен жұмыс жасап жатқан педагогтардың жұмыстарын жалғастырамыз.
2024-2025 оқу жылында тәрбиешілер және арнайы пән мамандармен жылдық жоспарға сүйене отыра біршама жұмыстар жүргізілді.
Әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер мен тақырыптық сабақтар, ойын-сауық кештер, спорттық ойындар өтіп отырды.
Баланың жан-жақты дамуы, тәрбие мен оқудың негізі- мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға аса көңіл бөлу керек. «Ойлау негіздері, ақыл - ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар бала кезден қалыптасады».
Бақшада : креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеуге басты назар аударылуда.
Креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда балабақшада педагогтары жұмыс жүргізеді, ақпараттық құралдардан ізденуде. Әр педагог өзінің ҰІӘ жаңа инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдануда. Ертегілерді түрлендіріп, театр түрлерін қолдануда. Балалардың жұмыстарын күнделікті көрме арқылы ата-аналарға көрсетеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша балавбақшада жылдық жоспар құрылды. Тәрбиешілер күннің екінші жартсында әрбір жұма күні жоспарға сәйкес өткізеді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық тәрбиеге байланысты жүргізілетін жұмыстар жоспары
2024-2025оқу жылы
Мақсаты:
Бүлдіршіндерді ұлттық құндылықтарға баулу арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Міндеттер:
-Балаларды мейірімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
-Ұлтжанды болып өсуге ынталандыру;
Мақсаты: Бүлдіршіндерді ұлттық құндылықтарға баулу арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Міндеттер:
Балаларды мейірімділікке,сыпайлыққа тәрбиелеу:
Ұлтжанды болып өсуге ынталандыру.
№ |
Тақырыбы |
Мерзімі |
Жауаптылар |
|
Менің сүйікті кеңтім |
Оқу жылы барысында |
тәрбиешілер |
1 |
«Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге» (Балаларды халық кемеңгерлерімен таныстыру, насихаттау) |
Қазан |
мектепалды даярлық топтарда имандылық оқу қызметі) |
2 |
«Мемлекеттік рәміздерді оқып үйрену, насихаттау жұмыстары |
Оқу жылы барысында |
Суреттер байқауы, тақпақтар жаттау |
3 |
«Тәуелсіздік-елімнің тілегі» |
Желтоқсан |
тәрбиешілер |
4 |
«Ата заңым-айбыным» |
Тамыз |
Тақырыптық сабақтар |
5 |
«Мақал-мәтел» арқылы бала тілін дамыту |
2024ж Қаңтар |
Педагогикалық ұжым |
6 |
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» |
Мамыр |
Орыс топ тәрбиешілері |
7 |
«Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні» сап түзеу |
Мамыр |
Педагогикалық ұжым |
8 |
«Тәуелсіздік-елімнің тілегі»мерекесіне арналған ашық іс-шаралар ұйымдастыру. |
Желтоқсан |
тәрбиешілер |
«Жасмин» бөбекжай бақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының насихаттауда бұрыштамалар тақырыпқа сай жабдықталды.
2024-2025 оқу жылында тәрбиешілер жылдық жоспарға сүйене отыра біршама жұмыстар жүргізілді.
Әр мерекеге байланысты ертеңгіліктер мен тақырыптық сабақтар, ойын-сауық кештер, спорттық ойындар өтіп отырды.
2024-2025 оқу жылы барысында мекемеде 1-қыркүйек Білім күніне арналған тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды. Қазақстан халықтарының тілдері онкүндігіне байланысты «Ана тілін қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы» тақырыбында бөбекжай бақшада іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазан айының алғашқы күндерінде мекемеде мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жүргізілді. «Ұстаз деген -ұлы есім» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. Мекемеде «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында мәдени іс-шаралар жүргізілді. Мектепалды даярлық топтары ата-әжелерді қонаққа шақырып, мерекемен құттықтап ән-шашуларымен, билерін арнады.
Күз мерекесіне байланысты мекемеде «Берекелі Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды, әр топта ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте қонаққа «Күз ханшайымы» келіп өзінің өнерімен, молшылығымен балалардың көңілін көтерді.
Балабақшада Жаңа жыл мерекесіне арналған шырша құрылып, іс-шаралар жоспарланып, жоспар бойынша өткізілді. Ертеңгілік қарсаңында әр топ өз топтарында ата-аналармен бірлесіп көрме ұйымдастырды. Барлық ертеңгіліктерге ата-аналар қатысып, балаларының өнерлерін тамашалады. Қонаққа Аяз ата, Ақшақар, Аққала, Мыстан кемпір, Сиқыршы, Қоян, Жолбарыс ертегі кейіпкерлері келіп балалардың өнерлерін тамашалап, көңілдерін көтерді. 8-ші Наурыз мерекесі қарсаңында барлық топтарда аналарды құттықтауға арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылды. «Ана өмір шырағы» тақырыптырында аналарды, сүйікті әжелерді құрметтеуге арналған ертеңгіліктер өткізілді. Балалар өз әже, аналарына арнап өнерлерін көрсетті. Қонаққа Маша мен аю келді
«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі» қарсаңында мекемеде барлық топтарда тақырыптық сабақтар мен ойын-сауық кештері өткізілді. Әр топ тәрбиешілері балаларға ата-бабалардан келе жатқан салт-дәстүрлерді, балаларды өз халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиеледі. Кейіпкерлер: Босс Молокосос , Алдар Көсе, Ата мен әже, Кыдыр Ата.
Әр мерекеге байланысты тақырыптық сабақтар, ертеңгіліктер өткізілді. Іс-шараларға ата-аналар қатысып балаларының өнерлерін тамашалап, жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін көрді.Балабақша іші және сырты әр мерекеге байланысты безендіріліп, құттықтаулар ілінеді. Тәрбиешілер ата-аналармен бірлесе отырып көрмелер ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер ата-аналарымен әр мерекеде тақырып бойынша суреттер салып, өз жұмыстарын суреттер көрмесіне іліп отырды.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру
Мектепке дейінгі ұйымның материалдық базасын жетілдіру бойынша жұмыс барлық жас топтары бойынша Даму бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Даму ортасының объектілерін ұйымдастыру және орналастыру ұтымды, қисынды және балаларға ыңғайлы, балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Балаларға арналған топтық үй-жайлар оқшауланған үй-жайларды (шешінетін, ойын, жатын, дәретхана); балалармен ҰОҚ өткізуге арналған мамандандырылған бөлмелер де бар:
* спорт залы;
*мәжіліс залы
Барлық бөлмелер САНПИН нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Балалардың бақшада болу шарттары үнемі жетілдіріліп отырады. Үй - жайларды ұтымды пайдалану балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуы үшін де, оқу-тәрбие процесін толыққанды жүргізу үшін де қолайлы жағдайлар жасайды.
Жиһаздың, оқу, ойын және басқа жабдықтардың орналасуы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа толық сәйкес келеді және қауіпсіздік техникасы, санитарлық-гигиеналық нормалар, балалар физиологиясы, функционалдық жайлылық қағидаттарына сәйкес келеді, бұл балаларға өздерін топта еркін сезінуге мүмкіндік береді.
Бөбекжай бақшада пәндік-дамытушылық орта көркемдік-эстетикалық талаптарға, балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға, олардың толыққанды дамуына бейімделген. Топтарда ойыншықтармен ашық, үлкен кеңістік бөлінген, заттармен ойнауға арналған бұрыштар ұйымдастырылған, сюжетті-рөлдік ойындардың бұрыштары орналастырылған (шаштараз, аурухана, дүкен, аспаз, мектеп, жол ережесі т.б). Барлық топтарда әр түрлі құрылыс жиынтықтары, мозаика, кесілген суреттер, көркем құрылысқа арналған қалдық және табиғи материалдар бар. Балалардың көркемдік және эстетикалық дамуы үшін топтарда әр түрлі іс-шараларға арналған бұрыштар бар. Олар әртүрлі материалдармен және сурет салу, жапсыру, модельдеу, қол еңбегі құралдарымен жабдықталған. Мерзімді түрде қабылдау бөлмелерінде, дәліздерде балалар жұмыстарының көрмелері (суреттер, қолөнер), сондай-ақ балалардың тәрбиешілермен және ата-аналармен бірлескен жұмыстары ұйымдастырылады. Әр баланың портфолиосы, топтың төлқұжаты бар.
Қоршаған ортаны құрайтын заттарды белсенді пайдалану (ойыншықтар, макеттер, лего, рөлдік ойындарға арналған атрибуттар, тәжірибелік бұрыштар және т.б.) балалардың бастамашылық деңгейін арттыруға, әртүрлі іс-шараларға жағдай жасауға, үй-жайларға тікелей, үй көрінісін беруге мүмкіндік береді. Әр топта ұлттық бұрыш, театрландырылған студия, денсаулық бұрышы бар. Үй-жайларды мұндай ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан орынды, жоғары мәдениетімен ерекшеленеді, жайлы көңіл-күй қалыптастырады, балалардың эмоционалды әл-ауқатына ықпал етеді.
Ұйымда балалармен ҰОҚ жүргізуде педагог-мамандардың жұмысы үшін заманауи ақпараттық – техникалық база құрылған:
Компьютерлер (меңгерушінің, қабылдау бөлмесінде, әдіскердің, медбикенің, педагогтардың, бухгалтердің кабинеті – Интернетке шығу).
Электрондық пошта арқылы ұйымдармен байланыс және ақпарат алмасады.
Балаларды жан-жақты дамытуда балабақшада теледидар, DVD, проектор, интерактивті тақта, музыкалық аппарат бар.
Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін балабақшаның ресурстары мен жағдайларын талдау және бағалау болашақ дамудың келесі басым бағыттарын анықтады:
- Баланың эмоционалдық әл-ауқатының жағдайын оңтайландыру мақсатында Санпиннің талаптарын орындау;
- баланың толыққанды әлеуметтік даму ортасын құру;
- балалардың денсаулығын жақсарту және нығайту үшін тиімді жағдайлар жасау;
- барлық жас топтары, Спорт және Музыка залы үшін ойын жабдықтарын толықтыру, бұл балалармен педагогикалық жұмыстың әртүрлі формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Аулада әр топтың учаскелері жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бекітілген. ҰОҚ және ауада дене шынықтыру ойын-сауықтарын өткізуге арналған жеке дене шынықтыру алаңы бар. Балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту және учаскелерде спорттық ойындар өткізу үшін жеткілікті мөлшерде шығарылатын