Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентіндегі "Жасмин" жеке меншік балабақшасы
Частный детский сад "Жасмин" поселка Бестобе отдела образования по городу Степногорск

СоцСети

detskiisadzhasmin

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

«Жасмин» балабақшасы

Топ: ортаңғы «Еркетай»

Балалардың жасы: 3 жастан

Жоспардың құрылу кезеңі: 02.10 - 06.10.2023ж.

Педагогтың аты-жөні _________________________________________________________________________________________________

 

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

 

 

 

 

 

 

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен немесе баланың

басқа заңды өкілдерімен кеңес,

әңгімелесу

Әңгімелесу: "Ата-ананың баланы балабақшаға апару және одан алып қайтуға кезіндегі әрекеттері", "Балаға қоршаған ортадағы заттардың атауын атап айтқызу және сол заттар туралы сұрақтарды қою ерекшеліктері".

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттері. Балаларға қуыршақ киімдері мен төсек жабдықтарын жуу кезінде педагогке көмектесуді үйрету: балаларды жұмысқа кірісу алдында жұмыс алжапқыштарын киюді үйрету; жууға және кептіруге қажетті керек-жарақтарды, сондай-ақ жұмыс орнын дайындау, сабынды қолдана білу іскерліктерін дамыту.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттері. Балаларды тарақтарды тазарту жұмыстарында педагогке көмектесуді үйрету: суланған тарақтарды шаю, оларды щеткалармен тазалау.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттері. Балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге іскерліктерін дамыту.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттері. Балаларды таза, ұқыпты болуға, дербес әрекеттерін жетілдіре түсуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

"Еңбекке баулу"

Мақсат-міндеттері. Балаларды топ бөлмесіндегі реттілікті сақтауды үйрету: үстел, орындықтардың, сөрелердің шаңын сүрту. Ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орнына жинауға тәрбиелеу.

ҚР. Гимнін орындайды.

Міндеттер. Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.

(музыка)

 

"Үй құрылысының ретін көрсет" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Түстерді ажыратуды жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процестерін дамыту. (сөйлеуді дамыту)

 

"Айырмашылықты тап" дамытушы ойыны.

Мақсат-міндеттер: ұқсас жұп заттарды, суреттерді салыстырып, олардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу қабілеттерін, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.

Барысы. Салыстыруға бірінші зат немесе сурет балаларға біраз уақыт көрсетеді. Содан кейін екінші зат не суретке көңіл аударылады. Басты міндет - заттардың не суреттердің несімен ұқсамайтынын айту. (танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

"Қай жерде шырылдады?" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Дыбыстың қай жерден шыққанын анықтау; алдын ала дайындық жұмысы: қоңыраушаны дайындайды. (музыка)

 

Үстел үсті ойындары: "Басқатырғыш", "Құрастырғыш".

Мақсат-міндеттері: логикалық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. (танымдық дағдылар, құрастыру, сөйлеуді дамыту)

 

"Қай қолымда көп?" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттығады; ойлау қабілеттері дамыту.

(сөйлеуді дамыту, танымдық іс-әрекет)

"Күз" мезгіліне байланысты сюжетті суреттер көрсету.

Мақсат-міндеттері. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Балалардан сұрақтарға толық жауапты талап ету. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)

 

Қадыр Мырза Әлидің "Сары" атты тақпағын жаттау.

Сәлем беріп,

Сән көріп,

Сүйгеніңді ал,

Бәрін ал!

Сары шабдал,

Сары өрік,

Сары ірімшік,

Сары бал. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)

 

"Танып ал да, атын ата" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттығады; сөздік қорын молаяды; ойлау қабілеті дамиды.

(сөйлеуді дамыту, танымдық іс-әрекет)

"Орманшы" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: балалардың кейбір ағаштар мен бұталардың (діңі, жапырақтары, жемістері мен тұқымдары) пайда болуы туралы білімдерін бекіту.

Барысы: педагог бір баланы "орманшы" етіп таңдайды, қалған балалар орманшының көмекшілері болады.

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

 

"Дәл осындай гүлді тап" үстел үсті ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балаларды суреттегі кескінге ұқсас заттарды табуға жаттығу, зейінділікке тәрбиелеу, балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру. (сөйлеуді дамыту)

 

"""Жапырағына қарай ажырат"" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба білуге жаттықтыру; сөздік қорын толықтыру, есту, қабылдау қабілетін дамыту.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)"

"Қуыршақты серуенге даярлайық" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: балалардың киім-кешек және киіну тәртібі туралы білімдерін бекіту және нақтылау. Сөздік қорларын байыту және толықтыру. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

 

"Қуыршақ қонаққа барады" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Ұзын - қысқа, жуан - жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруды жаттықтыру. (танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

 

"Көп және біреу" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: көп және біреу қатынастарын біледі; заттардың тең, тең емес топтарын салыстырады.

(сөйлеуді дамыту, математика негіздері)

Ертеңгілік жаттығу

(Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі) (орамалмен)

1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

1.1. Балалар орамалдарымен беттерін жауып, "тауып ал" дейді.

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

2.1. Оңға бұрылу, қолдарын созу, орамалдарын умаждап "жуамыз" дейді.

2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып жерде отырады, аяқ алшақ, орамалдар тізе үстінде.

3.1. Жерге шалқасынан жатып, орамалдармен беттерін жауып "ұйықтайық" дейді.

3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде.

4.1. Орамалдарын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.

4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). (дербес әрекет, дене шынықтыру)

Таңғы ас

"Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты" деген мақал-мәтелді балаларға айтқызу; балаларға тамақты кішкене бөліктерге бөліп жеу керектігін айту; тыныш отырып тамақтануды үйрету; тамақ ішер алдында балалар бір-біріне астың дәмді болуын тілеп, тамақтан соң алғыс айтулары. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу.

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Кесе, шыны, пияла.

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Өлең жолдарын оқу арқылы, балалардың тәбетін ашу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттері. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетке мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз. (коммуникативтік дағдылар, сөйлеуді дамыту)

"Қай қолымда көп?" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Аз және көп заттарды ажыратуды, салыстыруды жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.

(танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

"Көп және біреу" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Көп және біреу қатынастарын білуді үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. (танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

"Суреттерді орналастыр" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауды дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. (танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

"Танып ал да, атын ата" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттері. Заттың түр-түсін, пішінін, атын атауды жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. (коммуникативтік дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Мектепке дейінгі ұйым

кестесі бойынша

ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

"Домалайды алмалар".

Мақсат-міндеттері. Балаларды бірінің артынан бірі сап түзеп аяқтың ұшымен және өкшемен жүруге жаттықтыру; сапқа өз еріктерімен тұру қабілетін жетілдіру; тұрған заттың басына допты тигізу арқылы жоғары секіру және допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату дағдысын үйрету.

 

Дене шынықтыру

"Допты домалатайық".

Мақсат-міндеттері. Балаларды бірінің артынан бірі аяқтың ұшымен және өкшемен сап түзеп жүруге жаттықтыру; сапқа өз еріктерімен тұру қабілеттерін дамыту; тұрған заттың басына доп тигізу арқылы жоғары секіру және допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату іскерліктерін жетілдіру.

Музыка

"Жапырақтар сарғайды"

Мақсат-міндеттер. Балалардың әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білу қабілетін дамыту; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын қалыптастыру; дыбысты есту және қабылдау қабілетін дамыту. Балаларды адамгершілік қарым-қатынас пен ізгілік ережелеріне тәрбиелеу; эстетикалық талғамы мен оқу қызметіне қызығушылықтарын арттыру.

Дене шынықтыру

"Домалайық".

Мақсат-міндеттері. Балаларды тұрған заттың басына доп тигізу арқылы жоғары секіру және допты аяқпен қайшылап ұстап, отырып-тұрып домалату іскерліктерін бекіту, ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау.

 

Қазақ тілі

"Не, қайда өседі?" Көгөністер мен жемістер. Түстер әлемі."

Мақсат-міндеттері. Қазақ тілін тыңдауды, көгөністер мен жемістердің атауларын есте сақтауды және оларды бір-бірінен ажырата білуді, көгөністер мен жемістерге тән түстерді атауға жаттықтыру.

"Көгөністер мен жемістер" дидактикалық ойыны.

"Көгөністер мен жемістер" сергіту сәті.

"Қандай түсті?" дамытушылық ойыны.

2- таңғы ас

"Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты" деген мақал-мәтелді балаларға айтқызу; балаларға тамақты кішкене бөліктерге бөліп жеу керектігін айту; тыныш отырып тамақтануды үйрету; тамақ ішер алдында балалар бір-біріне астың дәмді болуын тілеп, тамақтан соң алғыс айтулары. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу.

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Өлең жолдарын оқу арқылы, балалардың тәбетін ашу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Серуенге дайындық

Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Теректі бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Бақылау барысында теректің құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру.

Тақпақ.

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Терек егеміз бақтарға,

Айналасын қоршаймыз.

- Балалар, бұл терек ағашы. Терек ағашына жақындау.

- Терек - жылдам өсетін ағаш. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті. Жапырақтары гүлдеген кезде терек жасыл қалпақ киген сияқты, жазда теректен мамық ұшады. Ағаштың жапырақтарымен бірге бұтақтар тәж деп аталады. Терек ауаны жақсы тазартады, ағаштың тамыры жерден ылғал алады, ол көп жылу береді. Терек ағашы жұмсақ, жеңіл болады, одан қағаз бен сіріңке, ойыншықтар жасайды.

Еңбек әрекеті: терек жапырақтарын жинау, балаларды еңбек нәтижесіне өз үлестерін қосуды үйрету.

"Гүлдер мен аралар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жұптарға жиналуды және жан-жаққа тарап жүгіруге дағдыландыру.

Құралдар: таратпалы таңбалауыштар (гүлдер мен аралар).

"Допты ұстап ал" ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Ептілікті, реакция жылдамдығын дамыту; доппен ойындарға қызығушылықты арттыру.

Дене тәрбиесі бойынша жеке жұмыстар.

Мақсат-міндеттері. Допты қағып алу және лақтыру жаттығулары.

Балалардың еркін ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.

Суды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Балалардың суды ұқыпты пайдалану туралы түсініктерін қалыптастыру.

Судың қасиеттері туралы білімдерін нығайту, температурасы әртүрлі болатынын айту, суда кейбір заттар батып кетеді, басқалары судың бетіне шығады.

Бақылау барысы: балалардың назарын судың қасиеттеріне аудару: сұйық, әртүрлі температурада болу мүмкіндігі (ыстық, суық). Су мөлдір, онда бәрі көрінеді. Ыстық күнде бассейнде су тез қызады. Тоғандағы, өзендегі, көлдегі су жазда қызады, адамдар шомылуға барады. Асфальтқа шашыраған судың қаншалықты тез кебетінін көрсету. Үлкен балалармен суға қандай заттар батып жатқанын, қайсы батпайтынын анықтау. Неліктен олар жүзіп немесе батып бара жатқанын анықтау.

Еңбек әрекеті: қурап қалған шөптерді жинау (тәрбиешінің көмегімен).

Мақсат-міндеттері. Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

Құралдары: қолғаптар, қаптар.

Педагог балалардың шөптерге аллергиясын ескеру тиіс.

"Толқиды теңіз" қимылды ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Балалар ойын алаңында айналып жүріп:

Толқиды теңіз бір,

Толқиды теңіз екі,

Толқиды теңіз үш,

Толқиды теңіз төрт.

Тәрбиеші белгісі бойынша: "Толқын мұз бол!"- дегенде балалар қозғалмай қалу керек.

"Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері .Балаларды шеңберге тұрып, бойымен жүруге және жүгіруге бейімдеу; вестибуляр аппатарын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ақырын-ақырын итеріп,

Әткеншекті қозғалтамыз.

Жылдам-жылдам жүгіріп,

Шеңберді айналдырамыз.

Д. Ахметова.

Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, беттерін шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды.

Балалардың еркін ойыны.

Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.

Күнді бақылау (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру, күннің шығуын қадағалауды жалғастыру.

Күнің сәулесі туралы айту.

Тақпақ.

Алақай, алақай!

Күн шықты, күн шықты,

Жер үстіне нұр шықты!

"Көк ту" ойыны.

Мақсат-міндеттері. Достыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа баулу.

Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта өз тулары болады.

Әр тудың қорғаушысы болады. Ту қорғаушылар тудың қасында тұрады.

Басқа балалар қарсыластарын өз тобына ауыстырулары керек.

Екі топтың ортасынан сызық сызылады да, қарсыластарына қарама-қарсы тұрады. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, өз топтарына тартып алуға тырысады.

Сөйтіп қай топ балаларды көп жинай алса, сол топ жеңіске жетеді.

Жеңілген топтың туына шабуыл жасалады.

Егер де туларын қорғап қалса, ойын жалғаса береді.

"Қағып алмай өт" (кегли) ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды кегли арасымен баяу және ептілекпен өтуге дағдыландыру; көз мөлшерін, тепе-теңдікті, вестибуляр аппаратын дамыту.

Құралдар: кеглилер.

Еңбек әрекеті: алаңдағы ағаштардан түскен құрғақ бұтақтарды жинау.

Мақсат-міндеттері. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Балалардың еркін ойыны.

Суды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Судың қасиеттері туралы түсініктерді тиянақтау; табиғи құбылыстарға қызығушылықты арттыру.

Іс-тәжірибеде: құйылатыны, төгілетіні, ыдыста, шалшықта қозғалмай тұратынын анықтау.

Салқын, жылы, ыстықта кеуіп кетеді дегенді айтқызу.

Іс-тәжірибеде судың адамның, өсімдіктердің тіршілігіне ықпалына көңіл аудару.

Гүлзарды суару, таза ас суын ішкізу.

Іс-тәжірибеде суды асфальтқа төгіп, күннің көзінде кебуін бақылату.

Балаларға "кеуіп кетеді" дегенді айтқызу.

Еңбек әрекеті: гүлзарда өскен гүлдерді суару.

Мақсат-міндеттері. Балалардың қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

Құралдары: су құйғыштар.

"Ақсүйек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.

Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: "Ақсүйекті іздеңдер, кім жылдам табар екен? - дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақ сүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады. Өз бетінше ойынды ұйымдастыруды дамытуды жалғастыру, ереженің нормасын және тәртібін орындау.

Еңбек әрекеті: гүлді күту.

Мақсат-міндеттері. Учаскеде өсетін өсімдіктерді өз бетінше қорғауды үйрету; гүлге ұқыпты қарауды және сүюді тәрбиелеу.

"Осындай бола ма, болмай ма?" ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Сұраққа жауап беруді және жауабын түсіндіруді үйрету.

- Балалар, жазда қар жауа ма? Күн шығып тұр ма, жаңбыр жауып тұр ма?

Қараңғы және жарық жерде өсіп тұрған өсімдіктерді қадағалау, күнге тартылатын өсімдіктер қозғалысына көңіл бөлу. Өсімдіктер өсу үшін жарық қажет.

Балалардың еркін ойыны.

Жаңбырлы күн туралы сөйлесу (немесе бақылау). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Балаларды табиғат құбылыстарын сезіне білуге баулу; табиғи құбылыстары туралы білімді бекіту; жаңбырлы күні қажет заттарды еске түсіру.

"Күн мен жаңбыр" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге және бір-біріне соғылмай, бір жерге жиналуға дағдыландыру; вестибуляр аппаратын, кеңістікті бағдарлау қабілетін жетілдіру; ептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Балалар алаңның бір шетінде тұрады. Тәрбиеші: "Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады," – дейді. Балалар алаңда жүгіріп жүр. "Жаңбыр! Тез-тез үйге жүріңдер!" - деген белгіні естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: "Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер", – дейді, ойын қайта басталады.

"Қапты көлденең нысанаға лақтыру" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Дәлдікке, ептілкке бейімдеу, бір қолмен қапты көлденең нысанға лақтыру жаттығуына машықтандыру.

Құралдар: лақтыруға арналған құм салынған қаптар.

Еңбек әрекеті: бақшадағы көгөністерді суару.

Мақсат-міндеттері. Су құйғышпен әрекет етуге машықтандыру, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Балалардың еркін ойындары.

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі түрде шешуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

"Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты" деген мақал-мәтелді балаларға айтқызу; балаларға тамақты кішкене бөліктерге бөліп жеу керектігін айту; тыныш отырып тамақтануды үйрету; тамақ ішер алдында балалар бір-біріне астың дәмді болуын тілеп, тамақтан соң алғыс айтулары. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу.

Мақсат-міндеттері. өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Өлең жолдарын оқу арқылы балалардың тәбетін ашу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Түскі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйретуді жалғастыру.

«Алтын жұмыртқа» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет)

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау.

(музыка)

Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету.

«Үш аю» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет)

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту.

«Қоянның үйшігі» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет)

Біртіндеп ұйқыдан

ояту,

сауықтыру шаралары

Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп-түсіру.

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.

Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Бесін ас

"Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты" деген мақал-мәтелді балаларға айтқызу; балаларға тамақты кішкене бөліктерге бөліп жеу керектігін айту; тыныш отырып тамақтануды үйрету; тамақ ішер алдында балалар бір-біріне астың дәмді болуын тілеп, тамақтан соң алғыс айтулары. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу.

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Өлең жолдарын оқу арқылы балалардың тәбетін ашу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу.

Қызыл сары, сап-сары.. атты тақпақты жаттау. Дауысты [ұ], [ү] дыбыстары.

Мақсат-міндеттері. Балаларға күзгі құбылыстың бірі, жапырақтардың түсуі жөнінде мағлұмат беру, ересектің соңынан күз туралы көркем сөзді қайталап, жаттауды үйрету.

 

"Торғайлар мен қарғалар" театрландырылған ойын.

Мақсат-міндеттері. зейінді, төзімділікті, ептілікті дамыту.

Барысы: балалар екі топқа бөлінеді: "Торғайлар" және "Қарғалар"; содан кейін бір-біріне арқаларымен екі қатарда тұрады. Педагог атаған топ ұстап алады; аты аталмаған топ "үйлерге" қашады (орындықтарда немесе белгілі бір сызыққа дейін). Педагог баяу сөйлейді: «Қар... - ға ... -лар...». Осы сәтте екі топ қашып кетуге дайын болады.

Қарапайым нұсқа: педагог атаған топ қол шапалақтайды, ал екінші топ орындарында қалады. (көркем әдебиет)

 

«Кімнің дауысы?» ойыны

Мақсат-міндеттер. Достыққа,ұйымшыл болуға үйренеді.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу.

"Сан алуан жапырақтар".

Мақсат-міндеттері. Балалардың "көп", "біреу", "бірде-біреуі жоқ" деген ұғымдарды ажырату дағдыларын жетілдіру; заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру дағдыларын қалыптастыру; қолдың ұсақ моторикасын, көз мөлшері, зейінді, есте сақтау қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту.

 

"Ұшады ұшпайды, өседі өспейді" театрландырылған ойын.

Мақсат-міндеттері. Балалардың танымдық қабілетін дамыту.

Барысы: педагог затты атайды, егер ол ұшса, балалар қолдарымен қанат қағуды көрсетеді; егер ол ұшпаса, олар қолдарын тізеге қояды. Егер ол өссе, олар қолдарын жоғары көтереді, егер өспесе, олар қолмен жабады. (көркем әдебиет)

 

Вариативті компонент/Әлеумет

"Жеміс-көгөніс дүкені" ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балаларды жемістер мен көгөністер дүкеніндегі сатушының қызметімен таныстыру; жемістер мен көгөністердің атауларын жатқа айта білу қабілетін қалыптастыру; жемістер мен көгөністерді пайдаланар алдында тазалық ережелерін сақтауды үйрету; сатушы және тауар сатып алушы қарым-қатынасының ерекшеліктерін, теңге туралы ұғымдарын кеңейту.

"Сатушыға не керек?" ойын-жаттығуы.

Мақсат-міндеттеір. Сатушыға қажет құралдардың атауларын пысықтау.

Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу.

"Аула сыпырушы".

Мақсат-міндеттері. Балаларды аула сыпырушының жұмысымен таныстыру; аула сыпырушының атқаратын жұмысының ерекшелігі мен еңбек нәтижесінің маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Дидактикалық ойын. "Аула сыпырушының құралдарын тап".

Мақсат-міндеттері. Аула сыпырушының құралдарын тауып, құралдың атауын атауды үйрету.

 

"Күлкілі маймылдар" театрландырылған ойын.

Мақсат-міндеттері. Зейінді, бақылауды, реакция жылдамдығын дамыту.

Барысы: балалар шашыраңқы тұрады (маймылдар). Олардың алдында бала - хайуанаттар бағына келуші, ол әртүрлі қимылдар мен қимылдарды орындайды. "Маймылдар" баланың іс-әрекеттерін қайталайды. (көркем әдебиет)

 

Құрастырудан ойын-жаттығу.

"Сары жапырақтар жерге түсті".

Мақсат-міндеттері. Балаларды құрастыруға икемді қағазды жұмарлау, бүктемелеу, жыртып алу амалдарымен, қасиеттерімен таныстыру; қағазды жыртып алып, қолдағы кескінді белгілі пішінге, жапыраққа, ұқсатуды үйрету; күз мезгілі жөнінде ұғымдарды кеңейту, жапырақтардың сарғайып түсуі жөніндегі түсініктерді анықтау.

Құрылыс нәтижесімен ойнату.

Мақсат-міндеттері. Күзгі жапырақтарды ағаш бұталарына жапсыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу. (жапсыру)

 

"Әлемге саяхат" театрландырылған ойын.

Мақсат-міндеттері. Өз мінез-құлқын ақтай білу, сенімі мен қиялын дамыту, балалардың білімін дамыту.

Барысы: балаларға әлемді саяхаттау ұсынылады. Олар өздерінің жолдары қайда жатқанын анықтауы керек (шөл даламен, тау соқпағымен, батпақпен, орман, джунгли, кемемен мұхиттың арғы жағына. Мінез-құлқын соған сәйкес өзгертуі керек. (көркем әдебиет)

Сурет салудан ойын-жаттығу.

"Саябаққа күз келді".

Мақсат-міндеттері. Балаларды қылқалам арқылы ағаштарда өскен және ағаштардан жерге түсіп, жерде жатқан сары жапырақтарды салуды үйрету; күз мезгілі туралы, жапырақтардың сарғайып, түскені жөнінде түсініктерін кеңейту.

Саусақ жаттығуы. "Жапырақтар ұшты".

Қолдар – жапырақ екен, (алақандарды жайып, саусақтарды тікірейтіп, ары-бері айналдыру)

Бұтада отыр екен. (саусақтарды жұдырықтарға қысып алу)

Жел соғып жұлып алса, (алақандарды ашу)

Ұшады жеке-жеке. (саусақтармен еркін қимылдау) (сөйлеуді дамыту)

 

"Түстер туралы ертегі" оқып беру.

Мақсат-міндеттері. Балаларды көркем сөзді мұқият тыңдап, мазмұнын дұрыс түсінуге баулу.

Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде қызыл, сары, көк бояулар өмір сүріпті. Олар өте тату-тәтті болыпты. Күндердің күндері олар қызықты оқиғаларға тап болады. Бір күні қызыл түс сары түске қонаққа келеді. Бір мезетте үй ішіндегі шам сөніп қалады. Түстер бір-бірімен соқтығысып жүргенде тағы бір түс пайда болады. Ол Қызғылт сары түс екен. Жаңбыр жауып тұрған кезде болған оқиға Көк бояу мен кіші қарындасы Сары бояу жаңбырдан қорқып, емен ағашының астына тығылады. Жаңбыр қатты жауғаннан бояулары езіле бастайды, олардың бояулары араласқан кезде Жасыл бояу пайда болады. Ары қарай мынандай жағдай болды. Көк түс өзінің қуанышын бөлісейін деп осы қуанышымен Қызыл бояумен бөліспек болып, Қызыл бояуды құшақтап алғанда Күлгін түс пайда болады. Солай осы өмірге жаңадан Қызыл сары, Жасыл, Күлгін түстер пайда болған екен. Барлық бояулар қол ұстасып, үлкен шеңбер жасайды. Осыдан кемпірқосақ пайда болады. (көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)

 

"Түрлі-түсті моншақтар" жаттығуы.

Мақсат-міндеттері. Негізгі түстер (көк, қызыл, сары, жасыл) туралы білімдерін нығайту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Түрлі түсті моншақтарды алақанмен домалақтау, ермексаздан үзіп алу, есуді үйрету. (мүсіндеу)

Балалармен жеке жұмыс

Теректі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Бақылау барысында теректің құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру.

Тақпақ.

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Терек егеміз бақтарға,

Айналасын қоршаймыз.

- Балалар, бұл терек ағашы. Терек ағашына жақындау.

- Терек - тез өсетін ағаш. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті. Жапырақтары гүлдеген кезде терек жасыл қалпақ киген сияқты, жазда теректен мамық ұшады. Ағаштың жапырақтарымен бірге бұтақтар тәж деп аталады. Терек ауаны жақсы тазартады, ағаштың тамыры жерден ылғал алады, ол көп жылу береді. Терек ағашы жұмсақ, жеңі болады, одан қағаз бен сіріңке, ойыншықтар жасайды.

Еңбек әрекеті: терек жапырақтарын жинау, балаларды еңбек нәтижесіне өз үлестерін қосуды үйрету.

"Гүлдер мен аралар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жұптарға жиналуға және жан-жаққа тарап жүгіруге дағдыландыру.

Құралдар: таратпалы таңбалауыштар: гүлдер мен аралар.

"Допты ұстап ал" ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Ептілікті, реакция жылдамдығын дамыту; доппен ойындарға қызығушылықты арттыру.

Дене тәрбиесі бойынша жеке жұмыстар.

Мақсат-міндеттері. Допты қағып алу және лақтыру жаттығулары.

Балалардың еркін ойыны.

Мақсат-міндеттері. Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.

Суды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Балалардың суды ұқыпты пайдалану туралы түсініктерін қалыптастыру.

Судың қасиеттері туралы білімдерін нығайту, температурасы әртүрлі болатынын айту, суда кейбір заттар батып кетеді, басқалары судың бетіне шығады.

Бақылау барысы: балалардың назарын судың қасиеттеріне аудару: сұйық, әртүрлі температураға ие болу мүмкіндігі (ыстық, суық). Су мөлдір, онда бәрі көрінеді. Ыстық күнде бассейнде су тез қызады. Тоғандағы, өзендегі, көлдегі су жазда қызады. Адамдар суға шомылуға барады. Асфальтқа шашыраған судың жылдам кебетінін көрсету. Үлкен балалармен суда қандай заттар суға батып жатқанын, қайсы батпайтынын анықтау. Оның себептерін анықтау.

Еңбек әрекеті: қурап қалған шөптерді жинау (тәрбиешінің көмегімен).

Мақсат-міндеттері. Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

Құралдары: қолғаптар, қаптар.

Педагог балалардың шөптерге аллергиясы болуын ескеру керек.

"Толқиды теңіз" қимылды ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Балалар ойын алаңында айналып жүріп:

Толқиды теңіз бір,

Толқиды теңіз екі,

Толқиды теңіз үш,

Толқиды теңіз төрт».

Тәрбиеші белгісі бойынша: "Толқын мұз бол!"- дегенде балалар қозғалмай қалу керек.

"Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Балаларды шеңберге бойымен жүруге және жүгіруге бейімдеу; вестибуляр аппатарын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ақырын-ақырын итеріп,

Әткеншекті қозғалтамыз.

Жылдам-жылдам жүгіріп,

Шеңберді айналдырамыз.

Д. Ахметова.

Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды.

Балалардың еркін ойыны.

Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.

Күнді бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)

Мақсат-міндеттері. Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру, күннің шығуын қадағалауды жалғастыру.

Күнің сәулесі туралы айту.

Тақпақ.

Алақай, алақай!

Күн шықты, күн шықты,

Жер үстіне нұр шықты!

"Көк ту" ойыны.

Мақсат-міндеттері. Достыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа баулу.

Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта өз тулары болады.

Әр тудың қорғаушысы болады. Ту қорғаушылар тудың қасында тұрады.

Басқа балалар қарсыластарын өз тобына ауыстырулары керек.

Екі топтың ортасынан сызық сызылады да, қарсыластарына қарама-қарсы тұрады. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, өз топтарына тартып алуға тырысады.

Сөйтіп қай топ балаларды көп жинай алса, сол топ жеңіске жетеді.

Жеңілген топтың туына шабуыл жасалады.

Олар туларын қорғап қалса, ойын жалғаса береді.

"Қағып алмай өт" (кегли) ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды кегли арасымен баяу және ептілекпен өтуге дағдыландыру; көз мөлшерін, тепе-теңдікті, вестибуляр аппаратын дамыту.

Құралдар: кеглилер.

Еңбек әрекеті: алаңдағы ағаштардан түскен құрғақ бұтақтарды жинау.

Мақсат-міндеттері. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Балалардың еркін ойыны.

Суды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Судың қасиеттері туралы түсініктерді тиянақтау; табиғи құбылыстарға қызығушылықты арттыру.

Іс-тәжірибеде: құйылатыны, төгілетіні, ыдыста, шалшықта қозғалмай тұратынын анықтау.

Салқын, жылы, ыстықта кеуіп кетеді дегенді айтқызу.

Іс-тәжірибеде судың адамның, өсімдіктердің тіршілігіне ықпалына көңіл аудару.

Гүлзарды суару, таза ас суын ішкізу.

Іс-тәжірибеде суды асфальтқа төгіп, күннің көзінде кебуін бақылату.

Балаларға "кеуіп кетеді" дегенді айтқызу.

Еңбек әрекеті: гүлзарда өскен гүлдерді суару.

Мақсат-міндеттері. Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

Құралдары: су құйғыштар.

"Ақсүйек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.

Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: "Ақсүйекті іздеңдер, кім жылдам табар екен? - дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады. Өз бетінше ойынды ұйымдастыруды дамытуды жалғастыру, ереженің нормасын және тәртібін орындау.

Еңбек әрекеті: гүлді күту.

Мақсат-міндеттер: учаскеде өсетін өсімдіктерді өз бетінше қорғауға үйрету; гүлге ұқыпты қарауға және сүюге тәрбиелеу.

"Осындай бола ма, болмай ма?" ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Сұраққа жауап беруді және жауабын түсіндіруді үйрету.

- Балалар, жазда қар жауа ма? Күн шығып тұр ма, жаңбыр жауып тұр ма?

Қараңғы және жарық жерде өсіп тұрған өсімдіктерді қадағалау, күнге тартылатын өсімдіктер қозғалысына көңіл бөлу. Өсімдіктер өсу үшін жарық қажет.

Балалардың еркін ойыны.

Жаңбырлы ауа райы туралы сөйлесуді (немесе бақылауды) жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Мақсат-міндеттері. Балаларды табиғат құбылыстарын сезінуді үйрету; табиғи құбылыстары туралы білімді бекіту; жаңбырлы күні қажет заттарды еске түсіру.

"Күн мен жаңбыр" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге және бір-біріне соғылмай, бір жерге жиналуға дағдыландыру; вестибуляр аппаратын, кеңістікті бағдарлау қабілетін жетілдіру; ептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Балалар алаңның бір шетінде тұрады. Тәрбиеші: "Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады," – дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. "Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!" - деген белгіні естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: "Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер," – дейді, ойын қайта басталады.

"Қапты көлденең нысанға лақтыру" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттері. Дәлдікке, ептілікке бейімдеу, бір қолмен қапты көлденең нысанға лақтыру жаттығуына машықтандыру.

Құралдар: лақтыруға арналған құм салынған қаптар.

Еңбек әрекеті: бақшадағы көгөністерді суару.

Мақсат-міндеттері. Су құйғышпен әрекет етуге машықтандыру, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Балалардың еркін ойындары.

Серуенге дайындық

Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Сереуенге қызығушылықтарын ояту. Қимыл-қозғалыс ойындары: "Шарларды домалату", "Допты қақпаға түсіру" (3-4 рет ойнатылады). (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуға, өз киімін өздігімен шешуге, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Кешкі ас

"Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты" деген мақал-мәтелді балаларға айтқызу; балаларға тамақты кішкене бөліктерге бөліп жеу керектігін айту; тыныш отырып тамақтануды үйрету; тамақ ішер алдында балалар бір-біріне астың дәмді болуын тілеп, тамақтан соң алғыс айтулары. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу.

Мақсат-міндеттері. Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Өлең жолдарын оқу арқылы балалардың тәбетін ашу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Балалардың дербес әрекеті

(аз қимылды, үстел үсті

ойындары,

бейнелеу іс-әрекеті,

кітаптарды қарау және

басқалар)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)

Музыкалық аспаптармен ойындар. Аспаптармен таныстыру. Ұлттық құндылықтарды дамыту үшін күйлерді тыңдату. (шығармашылық дағдылар, музыка)

Өнер бұрышында балалардың қалаулары бойынша жұмыстарды беру. (шығармашылық дағдылар, мүсіндеу, жапсыру)

Еркін рөлдік ойындар.

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

Жаднама:

"Балаға қандай ойыншықтар сатып алуға болады?"

"Немерелерді тәрбиелеуге арналған бірнеше кеңестер" қабырға газеті.

"Баланың қозғалыс белсенділігін қалыптастырудағы отбасының рөлі" әңгімелесу.

Әңгіме жүргізу: "Бала танымын дамытудың маңыздылығы".

Ата-аналарға кеңес.

"Демалысты пайдалы өткізу"

 

Жаңартылған күні: 03.10.2023 14:46
Құрылған күні: 04.10.2023 10:06

Текст