Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентіндегі ЖШС "Жасмин - ST" Бөбекжай бақшасы
Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентіндегі ЖШС "Жасмин - ST" Бөбекжай бақшасы

СоцСети

detskiisadzhasmin

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедтің кеңесі: «Балаға үй жағдайында сөйлеуді дамытуға қалай көмектесуге болады»

Тақырыбы: «Балаға үй жағдайында сөйлеуді дамытуға қалай көмектесуге болады»

Құрметті ата-аналар!  
Бала тілінің дамуы ең алдымен сіздермен – ата-аналармен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Төменде бірнеше қарапайым, бірақ пайдалы кеңестер берілген:

1. Балаңызбен жиі сөйлесіңіз – күнделікті әрекеттеріңізді айтып отырыңыз, заттардың атауын атаңыз, қарапайым сұрақтар қойыңыз.  
2. Кітап оқыңыздар – суреттері бар жеңіл ертегілерді таңдап, оқығаннан кейін мазмұнын бірге талқылаңыздар.  
3. Сөйлеуге асықтырмаңыз – баланы тыңдап, сөзін бөлмей, сабырмен жауап беріңіз.  
4. Дамытушы ойындар ойнаңыздар – ермексазбен жұмыс, мозаика, құрастыру, пазл секілді ойындар ұсақ моториканы және сөйлеу белсенділігін дамытады.  
5. Гаджеттерді шектеу – тірі қарым-қатынас мультфильмдер мен телефондағы ойындарға қарағанда маңыздырақ.  
6. Өздеріңіз үлгі болыңыздар – анық, дұрыс сөйлеңіздер, «балаша сөйлеуден» аулақ болыңыздар.

Егер балаңыздың сөйлеуіне қатысты сұрақтарыңыз болса – балабақша логопедіне хабарласуыңызға болады.  
Отбасы мен мамандардың бірлескен жұмысы – табыстың кепілі!

Құрметпен,  
«Жасмин» балабақшасының логопеді


Текст